Алматыда күрестен Азия Чемпионаты өтіп жатыр
Алматыда күрестен Азия Чемпионаты өтіп жатыр
15.04.2021 14:30
198
0

Алматы – Екінші күннің қорытындысы бойынша Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
1 алтын – 60кг Айдос Сұлтанғали
1 күміс – 67 кг Алмат Кебіспаев
1 қола – 97 кг Ерұлан Ысқақов
Екінші күні грек-рим күресінен ұлттық құрама сапында өнер көрсеткендер:
1) 60 кг Айдос Сұлтанғали (Қызылорда)
2) 67 кг Алмат Кебіспаев (Нұр-Сұлтан)
3) 72 кг Азат Садықов (Алматы обл)
4) 82 кг Евгений Поливадов (Атырау обл)
5) 97 кг Ерұлан Ысқақов (Қарағанды обл).
Азия Чемпионатында грек-рим күресі қорытындысы бойынша ұлттық құрама еншісінде 2 алтын (63 кг Сұлтан Әсетұлы, 60 кг- Айдос Сұлтанғали), 2 күміс (130 кг-Әлімхан Сыздықов, 67 кг- Алмат Кебіспаев), 2 қола (97 кг-Ерұлан Ысқақов, 77 кг Демеу Жадыраев) медаль бар.
Біздің анықтама:
Күрестен Азия чемпионаты – азия мемлекеттері спортшыларына арналған еркін, грек-рим, әйелдер күресінен құрлықтық чемпионат. 1979 жылдан бері өткізіліп келеді. Әйелдер арасындағы жарыстар 1996 жылдан бері ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің үздік спортшылары қатысады. Қазақстандағы турнирді Біріккен Күрес Әлемі (UWW) ұйымы жоғары бағалаған. 2019 жылы Қазақстанда кадеттер арасында Азия және Әлем чемпионаттары өтті.
Квалификациялық турнирдегі салмақ дәрежелері:
Грек-рим күресі: 60-67-77-87-97-130 кг
Еркін күрес: 57-65-74-86-97-125 кг
Әйелдер күресі: 50-53-57-62-68-76 кг
Азия Чемпионатындағы салмақ дәрежелері:
Еркін күрес: 57-61-65-70-74-79-86-92-97-125 кг
Грек-рим күресі: 55-60-63-67-72-77-82-87-97-130 кг
Әйелдер күресі: 50-53-55-57-59-62-65-68-72-76 кг

Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

0 пікір