«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі жеңілдетілді
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне жәрдемақы тағайындау тәртібі жеңілдетілді
10.12.2021 11:39
83
0

Соның арқасында проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі есе көбейген

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті.

Еңбенмин 2019 жылдан бастап аталған жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік берген еді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарғанын атап өтті.

Олар енді мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті рәсімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Оның айтуынша, жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген.

Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен асып, 9 мың адамға дейін өсіпті.

 

 

Дереккөз: Zakon.kz.

0 пікір