Ақпараттық жүйелерден – «цифрлық армияға»
Ақпараттық жүйелерден – «цифрлық армияға»
19.01.2021 14:18
247
0

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың басшылығымен ведомствоның ақпараттық-технологиялық архитектурасын әзірлеу мәселесі жөнінде қорғаныс министрлігінде кеңес өтті.

Технология қарқынды дамып жатқан ғасырда армияның бәсекеге қабілеттілігі көбінесе цифрландыру деңгейіне байланысты. Министрдің орынбасарының ойынша ол цифрлық трансформациядан басталуы тиіс. Осы себепті, бәрінен бұрын, Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінде ақпараттық-технологиялық архитектураны әзірлеу қажет.

Министрдің орынбасары Дарын Тұяқов айтқандай, мемлекеттік органның құрылысы бес кезеңнен тұрады. Ол кезеңдер қызметті, мәліметтерді, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды және киберқауіпсіздікті қамтиды. Архитектура құрылымдардың және ішкі коммуникациялардың өзара іс-әрекетінің үдерісін қалыптастыруға және реттеуге мүмкіндік береді.

Әр бөлімшеде цифрлық офицер лауазымын енгізуді ұсыну жоспарлануда. Құрылған мамандар корпусы мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясы мәселелерімен айналысатын болады.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерін ақпарттандырудың ортамерзімді жоспарын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, IT-архитектурасын дамытудың басым бағыттары анықталуда. 

Бірінші кезең цифрландырудың ағымдық ахуалын зерделеуді жобалайды. Жүргізілген мониторинг мемлекеттік органның IT-стратегиясын анықтауға және күштер мен құралдарды аз шығындау кезіндегі қолдағы бар ресурстарды тең пайдалануға мүмкіндік береді. Үдерістер мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың оңтайлы деңгейі мен форматы таңдалатын болады.

Қазақстан әскері мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан ол цифрлық трансформация үдерісінен шет қала алмайды.

 

 

 

 

 

                  Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

0 пікір