Ақтоты Райымқұлова Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Касай Тацухикомен кездесті
Ақтоты Райымқұлова Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Касай Тацухикомен кездесті
23.12.2020 14:27
299
0

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Касай Тацухиконы қабылдады.

Басқосуда тараптар коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілген Токиодағы XXXII жазғы олимпиадаға дайындық, спорттағы əріптестік жайлы сөз қозғады.

Ақтоты Райымқұлова Касай Тацухико мырзаны Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, екі мемлекет арасындағы байланыстың дами түсетініне сенім білдірді. Айта кетейік, Касай Тацухико қазіргі қызметіне биыл қаңтарда тағайындалған.

«Қазір екі ел арасында дене шынықтыру мен спортта тұрақты əріптестік орнады деп айтуға болады. Бұл қарым- қатынасты жандандыруға 2017 жылы 27 ақпанда ҚР-ның Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Жапонияның білім, мəдениет, спорт, ғылым жəне технология министрлігі Токиода қол қойған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум оң əсерін тигізіп отыр»,-деді министр.

Осыдан соң Ақтоты Райымқұлова Қазақстан спортшыларының олимпия ойындарын дайындығы жайлы айтып өтті.

«Қазір Қазақстан еншісінде 17 спорт түрі бойынша 42 жолдама бар. Ал біз төрт жылдықтың басты додасына 30 спорт түрінен 88 лицензия (100-ге жуық спортшы) иеленуді жоспарлап отырмыз. Осы аралықта Токио Олимпиадасына дайындық ретінде ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Фукуока префектурасы, Куруме қаласы арасында Қазақстан спортшылары үшін оқу-жаттығу жиынын өткізу; -Токио Олимпиадасына дайындық ретінде Қазақстан каратэшілері үшін Ибараки префектурасы, Юка қаласы арасында оқу-жаттығу жиынын өткізу; -Нара префектурасы, Кашихара қаласы арасында Олимпиада костюмінің дизайны бойынша əріптестік жайлы меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандумдар аясында дзюдо, күрес, бокс, таеквондо, ауыр атлетика, үстел теннисі, гимнастикадан оқу-жаттығу жиыны өтті»,-деді.

Өз кезегінде Касай Тацухико Жапония билігі жазғы олимпия ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын, əлем спортшыларының қауіпсіздігі үшін түрлі іс-шара қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Дереккөз:ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің ресми сайты


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР: 

1. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды
2. Мемлекет 2021 жылдан бастап ерікті түрде жаппай вакцина егуді жоспарлап отыр
3. Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің талаптары туралы сұрады
4. М. Бақтиярұлы: Солтүстік Арал теңізін ұлғайту бойынша нақты іс-шаралар қабылдау қажет
5. А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті

0 пікір