Ақтоты Райымқұлова Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
Ақтоты Райымқұлова Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 95 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
14.01.2021 16:31
149
0

  Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 95 жылдығына және «Ұлттық» мәртебесін иеленуіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

  Сонымен қатар жиынға М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева, М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды қатысты.

  Іс-шара барысында министр қазақ мəдениетін байытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар театр қызметкерін марапаттады.

  Іс-шара барысында министр қазақ мəдениетін байытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар театр қызметкерін марапаттады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:
1. Сымбат Ізболқызы Гениярова -  режиссердің көмекшісі; 
2. Саяжан Дәуітбайқызы Реал Бланко - жоғары дәрежелі артист;
3. Лейла Ғалымжанқызы Құрманалинова - көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің ілеспе аудармашысы;
Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы:
4. Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы - «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директоры;
5. Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай -директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары;
6. Асанәлі Әшімов - театрдың көркемдік жетекшісі; 
7. Есмұхан Несіпбайұлы Обаев - директордың кеңесшісі; 
8. Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев - жоғары дәрежелі артист; 
9. Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов - жоғары дәрежелі артист;
10. Төлеубек Аралбай - жоғары дәрежелі артист; 
11. Саят Мерекеұлы - жоғары дәрежелі артист;
12. Айдос Жұмаділдіұлы Бектемір - жоғары дәрежелі артист;
13. Мұрат Нұрасылов - жоғары дәрежелі артист;
14. Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай - жоғары дәрежелі артист;

Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты:
15. Елжан Берліғожаұлы Тұрысов - жоғары дәрежелі артист;
16. Ермек Мұратұлы Бектасов - жоғары дәрежелі артист;
17. Аридаш Амангелдіқызы Оспанбаева - қоюшы-режиссер;
18. Балауса Ерікқызы Әбдіманапова - тігін цехының меңгерушісі.

  Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова «Ұлттық» мәртебесіне ие болған өнер ошақтарын құттықтай келе, өткен жылы атқарылған жұмыстың бір парасымен таныстырды.

  «Біз өткен 2020 жылы алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойып, абыроймен орындадық. Мысалы, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 1 қаңтардан бастап мәдениет және архив ұйымы қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға, өңірлерде 35%-ға дейін өсті. Жалпы мұндай өсім республика бойынша шамамен 34 мың адамды қамтыды.  Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі өз жалғасын табатын болады. Ал өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп пен колледж қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 25%-ға ұлғайып келеді.

  Мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Заң жобасы кітапхана ісі, мәдениет ұйымдары, шығармашылық одақтардың, баспа ісі мен концерттік қызмет саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, көрерменді мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық шығарма орындаушылардың фонограмманы пайдаланатыны жайлы міндетті түрде хабардар етуге бағытталған.

  Сонымен қатар аталған заңнаманың маңызды нормасының бірі – ол бұдан былай квазимемлекеттік сектордағы акциялары мемлекетке тиесілі мәдениет ұйымдарын жекешелендіруге жол берілмейді. Өздеріңізге белгілі бұл мәселе Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамын жекешелендіруге байланысты туындаған болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе осы Заң аясында шешімін тауып, енді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жекешелендіруге жатпайтынын мәлімдеймін»,-деді.

Сондай-ақ министр «Ұлттық театрға 95 жыл» атты мерекелік концерт пен «Абайдың жұмбағы» драмасының премьерасына қатысты.

 

Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты

 

0 пікір