Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 10 айлық қорытындысы бойынша мәжіліс өтті. Мақсаты – облыс аумағында бюджет есебінен төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және мемлекет бюджетін тиімді жұмсау.
Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Мухит Ахметов, бейне-селекторлық байланыс арқылы қала/аудан әкімдері қатысты.
Мәжілісті ашқан облыс әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдардың міндеттерінің бірі – бюджет қаражатын тиімді пайдалану екенін атап өтті.
«Ең бастысы, қаражатты қажетті нысандардың құрылысына жұмсау қажет. Сондай-ақ, нысандардың сапасын қадағалап, жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру керек», – деді Арман Жетпісбай.
Мирас Қарғабайдың айтуынша, жыл басынан бері тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірдегі филиалының, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің, Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің және жергілікті әкімдік пен мердігер мекеме басшыларының, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен облысқа қарасты 14 қала/аудандардың автокөлік жолдарына мониторинг жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында жаңадан төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктерді болдырмау мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз:
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!
ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:
1. Сенатта суармалы жерлерді пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылады
2. Сарыағашта істемеген қылмысты қинап мойындататын "оперлерге" бір тоқтам бола ма?
3. Әкім Әйтеновке «Саясат-ақпарат» пен «Дабыл» неге жақпай қалды?
4. Қ.Тоқаев: Асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін