Армения Премьер-министрі бүгінгі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтті
Армения Премьер-министрі бүгінгі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтті
15.04.2024 14:50
41
0

– Біздің жоғары деңгейдегі диалогымыз жаңа ғана қол қойған бірлескен мәлімдеме арқылы расталды. Мұның екіжақты қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуда маңызы зор. Шынайы әрі өзара тиімді байланыстарды нығайту жөніндегі ұстанымы үшін қазақ делегациясына алғыс айтамын. Біз көпжақты күн тәртібін одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін айқындадық. Сондай-ақ жаңа жобаларды, соның ішінде көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі өркендету перспективаларын нақтыладық. Біз тауар айналымының тұрақты өсіміне қарамастан, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін әлеуетіміздің толық пайдаланылмай отырғанымен келісеміз, – деді Армения Үкіметінің басшысы.

0 пікір