Арнайы жасақ сарбаздары Алматы облысындағы аз қамтылған отбасыларға көмектесті
Арнайы жасақ сарбаздары Алматы облысындағы аз қамтылған отбасыларға көмектесті
10.12.2020 12:22
313
0

  Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында арнайы жасақ сарбаздары Алматы облысындағы аз қамтылған отбасыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

  Алматы облысы Полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері Тәуелсіздік күні мерекесін атап өту қарсаңында шағын қайырымдылық акциясын өткізді. Олар өз қаражаттарынан бірнеше отбасын азық-түлікпен және гигиеналық қажетті құралдармен қамтамасыз етті.

  – Арнайы жасақ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қажетті азық-түлікпен және кеңсе заттарымен көмектесу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта азық-түлікпен қатар, санитарлық талаптарды сақтауға керек құралдар сатып алынды. Өйткені, пандемия кезінде күнделікті гигиена тәртібін сақтау қажеттілігін барлығы жақсы біледі, бірақ оны ұстануға бәрінің қолы жете бермейді, – деді облыстық ПД арнайы жасақ командирі Медет Қамалбеков.

  Аталған акция арнайы жасақ қызметкерлері арасында тұрақты түрде өткізіледі. Арнайы жасақ полицейлері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын өз қамқорлықтарына алғанын еске сала кету қажет. Оларға арнап ойын-сауық шараларын өткізіп, құнды және пайдалы сыйлықтар береді.

  – Бүгін біз көмек бергендердің арасында көмекке өте мұқтаж отбасы бар. Отбасындағы төрт баланы анасы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Балалардың кенжесі сал ауруына шалдыққан. Осындай қайырымдылық шараларын біз қандай да бір мерекені тойлауға қарамастан, кез келген уақытта өткізетінімізді атап өткім келеді, – деп толықтырды Қамалбеков.

 Дереккөз: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты

 


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Полицейлер бір тәулік ішінде 852 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
2. Полицейлер есірткінің заңсыз айналымы саласында 51 қылмыс анықтады
3. Қазақстанда Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді
4. Сарыағашта істемеген қылмысты қинап мойындататын "оперлерге" бір тоқтам бола ма?
5. Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды

 

0 пікір