АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16.02.2022 12:28
72
0
     Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданы 279 гектар аумақта орналасқан. Онда 3700 отбасы тұрады. Бір мектеп пен бір балабақша бар. Шағынауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.
     Электр жарығы – 2 139 электр бағаналары орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып нысан басына жеткізілді, 30 км электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1000 үй бойынша ЖСҚ жасалынуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
     Ауыз су – ауыз сумен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. 1-кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. 2-кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталмақ.
     Табиғи газ – 2700 үй мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған 1000 үйді қамту бойынша биыл құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.
      Жол – 3 көше асфальтталған, 35 көшеде тас жол. Биыл Күншоғыр және атауы жоқ №3, №4 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2023 жылы 5,8 шақырым, 2024 жылы 9,5 шақырым жолда құрылыс жүргізіліп, 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда.
 
0 пікір