ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК-НҰСҚАУЛЫҚ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ӘСКЕРИ  ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК-НҰСҚАУЛЫҚ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
16.07.2024 14:24
103
0

Ел Прзезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни, ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек»- деп атап өткен болатын.  

         Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жауынгерлерде оқыту сапасын жоғарылатуға және оларды ұрыс жағдайына дайындауға бағытталған шешуші беталыс жүзеге асырылуда. Әсіресе жауынгерлердің моральді-ұрыстық сапасын дамытуға, әскери тәртіптің орнығуына, әскери қызметкерлерді дене шынықтыру жаттығуларын күшейтуге және қазіргі заманғы ұрысқа тән қиындықтарды жеңе білу қабілеттерін қалыптастыруға ерекше зейін қойылуда.
Жауынгерлерді тәрбиелеу және оқыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында көптеген ғылыми нәтижелер, әсіресе әскери психология мен педагогика әскери қызметтің психологиялық-педагогикалық аспектілерін және ең алдымен жеке құрамның ұрыстық және саяси дайындығын зерттеп, оқытады.  Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен әскери құрылымдарының жауынгерлік дайындығын арттыру туралы тапсырмасын орындау маңызды міндет.   

  Осы орайда, Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілеріне «Дарбаза» оқу-жаттығу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтары өткізілді. Бөлімнің оқу полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтарын өткізуге арналған сегіз оқу орындары дайындалып, әскери қызметшілерге дәрістер өтті. Сонымен қатар, офицерлер мен сержанттар жеке құраммен жұмыс істеу әдістері мен қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеді. Оқу орындарында жауынгерлік атыстар кезінде авиация соққысы, залалсыздырылмаған ауданмен жүріп өту, мина-жарылғыш қоршаудан өту және ұрыс алаңында жарақат алған жауынгерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе сабақтары жүргізілді.

Әдістемелік – нұсқаулық сабағының басты кезеңін әскери бөлімнің бірінші шабуылдаушы батальоны жеке құрамы бөлімшелердің жауынгерлік атысын сапалы жүргізу мақсатында, қала аумағында заңсыз қаруланған қарсыластың шабуылын тоқтату, оларға шабуыл жасау, тактикалық кәсіби іс-қимылдарды жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, шеберліктерін паш етті.

- Әдістемелік сабақты өткізудегі мақсатымыз жауынгерлік жағдайға барынша жақындата отырып бөлімшелердің далалық дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру болып табылады. Сабақ барысында біз өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды, әскери техника мен қару-жарақты дайындау мәселелерін пысықтауға ерекше назар аудардық. Атыс барысында бөлімшелер шартты қарсыластың барлық нысаналарына оқ атып, шеберліктерін көрсете білді, - деп атап өтті әсери бөлім сержанты Серік Айтубаев. Айта кетейік, бөлімшелердің жауынгерлік ату жаттығуы - бұл тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары түрі. Қазіргі уақытта барлық бөлімшелермен күндізгі және түнгі уақытта қарудан жауынгерлік атыстары жүргізілуде.

0 пікір