ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР ОТБАСЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ
10.09.2024 14:37
22
0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр  «Отбасы күні» мерекесімен құттықтау сөзінде: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады», деген еді. Қыркүйектің екінші жексенбісі - «Отбасы күні»

            2013 жылы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіліп, «Отбасы күні» қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленіп, 8 қыркүйекте алғаш рет аталып өтті.

            Қызмет қажеттілігіне байланысты әскери қызметшілер іссапарларда, полигондарда ұзақ уақыт бойы отбасынан қашықта болуы мүнкін. Осыған байланысты отбасы мүшелері мен жақындарына қамқорлық жасауға уақыттары да бола бермейді. Ал әскерилерде: «Отбасы – ең сенімді тылың» деген түсінік те бар.

            Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінеді. Әскери ұжымдарда бұрынғы әйелдер кеңесінен бастау алатын әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметі құрылып, өз шаруасын атқаруда. Қазіргі уақытта әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің қарастыратын отбасылардың тұрмыстық халі мен психологиялық ақуалы, Отан қорғаушылардың жанұялысында қолайлы жағдай жасау секілді мәселерінің ауқымы кең.

            Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде Отбасы күні мерекесіне байланысты әскери қызметшілердің отбасына арнайы мәдени-демалыс шарасы ұйымдастырылды. Шара соңында белсенділік танытқан әскери қызметшілердің отбасына, сайыста жеңімпаз болғандарға және балаларға бөлім командирінің арнайы дипломдары мен сыйлықтар табысталды. Мәдени-демалыс шарасы табиғаттың ортасында Шымқаладағы Дендросаябағында өтті. Жауынгерлеріміздің жанұялары үшін ұйымдастырылған шараға бөлім басшылығы мен барлық әскери қызметшілер ұл-қыздарымен, ата-аналарымен, бауырларымен келді. Алдымен бөлім командирі подполковник Нұрлан Сакибеков барлық әскери қызметшілердің отбасын мерекемен құттықтап, әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік ортада, әскери қызметте үздік, қырағы қызмет атқаруына алдымен отбасындағы ананың, әйелдің ықпалы, көмегі зор екенін айтып оларға үлкен алғыс білдірді. Отбасындағы татулық пен бірлікті дәріптеуге арналған мәдени шарада әскери қызметшілердің жанұялары арасында спорттық, отбасылық сурет салудан жарыс ұйымдастырылды, өнерлі балалар тақпақ, ән айтып мәз-мейрам болысты. Шара соңында белсенділік танытқан әскери қызметшілердің отбасына, сайыста жеңімпаз болғандарға және балаларға бөлім командирінің арнайы дипломдары мен сыйлықтар табысталды. Табиғат аясындағы тамаша мерекеге куә болған әскери қызметшілеріміздің отбасы бөлім басшылығына алғыстарын жаудырды. Мәдени демалыс шарасы табиғат аясындағы балаларға арналған мерекелік дастарханмен аяқталды. Айта кетейік бұл игі дәстүр әскери бөлімде жыл сайын жалғасын таппақ.

0 пікір