«Астана Балет» театры «Сұлтан Бейбарыс» балетін сахналайды
«Астана Балет» театры «Сұлтан Бейбарыс» балетін сахналайды
25.11.2020 13:04
310
0

  4-5 желтоқсанда «Астана Балет» театрында «Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтеді.

  «Балет пен ұлттық биді дамыту және қолдау» қорының тарихи балет қою жайлы ұсынысы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жүзеге асып жатыр.

  Қойылым Мысыр мен Сирияның мәмлүк сұлтаны болған Бейбарыс туралы. Ол бала кезде тағдыр қалауымен туған үйінен жырақтап, жалдамалы жауынгер-мәмлүк болу үшін құл базарында сатылған. Әскери істе табысқа жеткен Бейбарыс уақыт өте келе әскерді ғана емес, бүкіл елді басқарған. Осылайша тарихтағы жаңа белесті бастаған.

  Бұл балетті сахналауға еліміздің дарынды өнер қайраткерлері атсалысып отыр. Либреттосын ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков жазса, Хамит Шанғалиев пен Әлібек Әлпиев музыкамен әрледі. Қоюшы-хореограф ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері - Мукарам Авахри. Қоюшы-хореографтың көмекшісі - Айжан Жүнісова.

  Сонымен қатар қойылым жұмысына халықаралық жобаларда тер төккен шетелдік мамандар сценограф, қоюшы-суретші Леонид Басин мен костюм әрлеуші Ася Соловьева үлес қосты.

  Мукарам Авахридің айтуынша, көпшілікке таныс сюжет жаңаша сахналанып қана қоймай, тың ойларға жетелейді.

  «Негізі «Сұлтан Бейбарыс» балетінің дайындағы бір жыл бұрын басталған. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты премьераны бірнеше рет кейінге қалдыруға тура келді»,-дейді.

  Премьера 4-5 желтоқсанда «Астана Балет» театрында барлық санитария талаптарын сақтай отырып өтеді. Көрермен саны шектеулі және маска тағу міндетті.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Нұрсұлтан Назарбаев «ұлы дала елі» орталығына барды
2. Самарқандта Қазақстанның Бас консулдығы ашылады
3. «Jas turkistan-2020» Тренингі өтті
4. Түркістан: «Праймериз» ақпараттық жүйесіне барлық төраға тіркелді
5. «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру басталды

0 пікір