АТА ДІННЕН АЛШАҚТАУ АДАМДЫ АДАСТЫРАДЫ
АТА ДІННЕН АЛШАҚТАУ АДАМДЫ АДАСТЫРАДЫ
02.07.2024 15:58
19
0

 

Ата діннен алшақтау адамды адастырады. Отбасында баланың санасына осыған байланысты таным қалыптасу керек. Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы жұмыс тобы басқосуында жауаптылар осылай деді. Террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың шамалы бөлігі болып табылатындығына қарамастан, олар қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының теріс реакциясын тудырады.

Жиынға Түркістан облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Ермек Сарсенбаев, Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Қанат Сыдықов қатысып, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңына сәйкес Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер және олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды; Аталған заңға сәйкес, адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары болып табылады.

Сала мамандары жиын тақырыбы негізінде баяндама жасап, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырудың мақсаты терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасау (объект аумағында терроризм актісін жасау тәуекелін азайту) және ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайту және (немесе) жою болып табылатынын жеткізді. Жиын барысында кәсіпкерлер, халық көп шоғырланатын мекеме басшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан кеңес алды. Мәжілісте террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті жұмыстарды профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру, терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу бойынша талаптар түсіндірілді.

Сондай-ақ, осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады.Сонымен қатар, объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін, ТТО объектілерді күзетуді жүзеге асыратын ЖКҰ-на қойылатын міндеттер де ескертілді.

 

 

 

 

0 пікір