Бәйдібек ауданында биыл жылына 800 тонна өнім өндіретін жылыжай кешені ашылады
Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында "Бақыт-Ислан" ЖШС-і заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенін салуда. Жалпы аумағы 5 гектар, жылыжайдың аумағы – 3 га. Жобаның құны – 750 млн теңге. Жылыжайдың жылдық қуаттылығы – 700-800 тонна. Кешенде 60 адам жұмыспен қамтылатын болады. 2019 жылдың тамыз айында құрылысы басталған жоба биыл толық аяқталып жұмысын бастайды.