БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ
БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ
12.06.2024 16:11
35
0

 «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» дейтін халықпыз. Баланы ұрпақ жалғастырушы, елдiң болашағы дейміз. Сол балдырғандардың денсаулығына қатты мән береміз. Жарқын елдің болашағы саналатын сәбилердің өмірінде адам өмірінің сақшысы бола білген дәрігерлердің орны бөлек. 

2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Сүйікті бала» арнайы жобасының аясында балаларға медициналық көмекті қаржыландыру туралы ақпараттар беруді жалғастыруда. Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Оның ішінде бала денсаулығы – ұлтымыздың таптырмас байлығы. Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі — ортадағы экологияның бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және баска факторлардың, әсер етуі больш отыр,  жағымсыз әсерлердің салдарынан адамның физиологиялық, психологиялык және адамгершілік касиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады.

Ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Шымкент қаласындағы “Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында "Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару" ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты. Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қала әкімінің орынбасары енді мамандардың біліктілігін арттыру, оқыту нәтижесіне талдау жүргізу маңызды екенін атап өтті. - Бағдарлама балалардың ең маңызды ауруларын (диарея, пневмония, тамақтанудың бұзылуы, анемия, төмен салмақ, тамақ-құлақ проблемалары) біріктіре, ықпалдастыра отырып емдеу, тез әрекет ету, сондай-ақ, балаға қауіпсіз даму орта қалыптастыру, иммундау және күтім жасау нұсқамаларын қамтиды. Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару өлім, ауру және мүгедектік жағдайларын азайтып, бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесіне мониторинг жасалады, - дейді аурухананың бас дәрігері Д. Жұмаділова.


0 пікір