БАСПАНАМЕН ҚАМТУ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
БАСПАНАМЕН ҚАМТУ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
13.09.2021 17:38
124
0

 

Бүгінде баспанаға қол жеткізу көптің көкейіндегі мәселе қателеспейміз. Жылдап пәтер жалдап жүрген қарапайым  халық үшін  үй алу үлкен жетістік. Оны қамтамасыз етпей, қоғамның қандай да бір әлеуметтік басымдылықтары туралы сөз қозғау әбестік. Ал, тұрғын үйге қол жеткізудің қандай жолы бар? Жыл бойы қанша тұрғын пәтермен қамтылды?  Зерделеп көрейік.

Қазіргі таңда Шымкентте 44 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1 727, көпбалалы отбасылар - 8 093, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы - 15 311. Ал,  мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер - 19 692, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 27-ні құрайды.  Биыл шымкенттіктер үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Үшінші мегаполисте салынып жатқан тұрғын үйлердің саны артып, қаланың көркі ашыла түсті. Бұған дейін шет мемлекеттерден келген туристер шаһардың ауылдан айырмашылығы жоқтығын айтса, алдағы 10 жылда осы қарқынмен жалғасар болса, Шырайлы Шымқаламыз әсем қалаға айналары сөсіз.

         Баспана бағытында да осы бағыттағы жұмыс атқарылып, әлеуметтік әлсіз топтағы және көпбалалы отбасыларға баспана берілуде. Осыдан келіп азаматтардың баспана кезегінде көп балалы отбасы санатына ауысу мәселесі туындайды. Бұл жерде нақты жауабын айтатын болсақ, егер бір санаттағы азамат басқа санат бойынша кезекке ауысса, сол жаңа санаттың соңынан бастап тіркелесіз, яғни, бұрынғы санаттағы кезегіңіз жойылады. Бұл заңда да көрсетілген. 2019 қабылданған шаралардың арқасында 10 нысан пайдалануға беріліп (11 үй, 2,5 мың үлескер), әрбір құрылысы ұзаққа созылған нысан бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.

 – Тұрғын үй мәселесі – басты маңызды бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы қолжетімді баспана көлемі 3 есе ұлғайса, 2021 жылы одан да көп болмақ. Үй құрылысы комбинатының жұмысы көмектеседі: мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіпорынның жұмысы жаңартылды. Үйлердің сапасына нұқсан келтірілмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі. Бірқатар мәселелер бірлесе жұмыс атқаруды талап етеді.

         Әсіресе, үй кезегіне тұрған азаматтар көптен күткен арманына қол жеткізді.  976 азаматты сатып ал құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету жоспарланған болатын.  Алты айдың қорытындысы бойынша, 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың шілде айында 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шішімі қабылданып, қазіргі таңда заңды құжаттары дайындалуда. Қалған 294 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай үлестірілмек.

 Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлер белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылған. Ал, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы несиелік бағдарламалар ұсынылуда. Биыл мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500,0 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет толығымен электрондық форматқа көшірілгендігін айтып өткен жөн. Бұл қызмет бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz  сайты арқылы ағымдағы жылдың шілде айының 26 жұлдызынан бастап жүзеге асырылу басталды.

Сонымен қатар, былтыр  жыл соңында пайдалануға беріліп «Отбасы банк» арқылы   «5-20-25» бағыты бойынша  сатылған кредиттік тұрғын үйлердің қалған қалдығы 854 пәтер биыл сатылуда, оның ішінде қазіргі таңда сатылған 581 пәтерден бюджетке 5 909,7 млн. теңге түсім түсірілді. 581 пәтер алған азаматтың ішінде 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Айтып өтейік, жыл басынан «7-20-25» бағдарламасы бойынша  екінші деңгейлі банктер арқылы нарықтан (13 364,1 млн. теңгеге) 972 азамат несиелендіру шарты бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жоспар бойынша пайдалануға берілетін кредиттік тұрғын үйлер саны 60  (3 824 пәтер) болады. Аталған үйлерді келесідей бағыттар бойынша сату жоспарлануда:

-​«Шаңырақ 5-10-20» бағыты бойынша  27 үй, 1728 пәтер;

-​«5-20-25» бағыты бойынша 18 үй, 1088 пәтер;

-​«7-20-25» бағыты бойынша 15 үй, 1008пәтер.

​         Бұдан бөлек, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша өңірлер шеңберінде бөлінген лимитке сәйкес 589 азаматты екінші нарықтан «Отбасы банк» арқылы  несие рәсімдеп пәтермен қамту  көзделіп отыр. ​Жоспар бойынша аталған кредиттік үйлердің құрылысы аяқталған жағдайда,  4413 азаматты несие негізінде пәтермен қамту жоспарлануда.

Шымкент қаласында  жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру  бойынша электронды түрде 123 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде                     92  азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде.​Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады.

​         Бұдан бөлек, 4557 азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған баспаналарын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, қалдық құнын төлеу арқылы жекешелендіруге құқылы.Шым шаhардың коммуналдық тұрғын үй қорындағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша қазіргі таңда тиісті шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізілуде.

​         Алдағы уақытта Шымкент қаласы бойынша реновациялау бағдарламасы аясында тозығы жеткен және апатты деп танылған баспаналар түбегейлі жаңартылатын болады.

​Бұл туралы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы жобасы әзірленіп, Шымкент қаласы әкімдігімен арнайы қаулы қабылданды. Аталмыш бағдарламаны  іске асыру азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғын аумақтардың орнықты дамуына, экономикалық, әлеуметтік, өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, өмір сүрудің қолайлы ортасын, қоғамдық кеңістікті құруға және аумақты абаттандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар шырайлы шаhардың қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруға әсері бар. Қазіргі таңда аталған бағдарлама аясында тұрғындармен кездесу арқылы келіссөздер жүргізілуде.

ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!

Айта кету керек, биыл «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іс-шаралары бекітілген болатын. Аталған жол картасында 2022-2025 жылдар аралығында қабылданған бағдарлама негізінде республика бойынша барлығы 250 авариялық тұрғын үйлерді бұзу және тұрғын үй мен жеручаскесін реквизициялау тәртібімен азаматтарды одан көшіру қарастырылған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 44 850 азамат (жыл басында 42 269) тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1 727, көпбалалы отбасылар - 8 093, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы - 15 311, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер - 19 692, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 27-ні құрайды.

​         Аталған азаматтарға көрсетілетін қызметте ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылуда. ​Осы сервис арқылы азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй кезегінде тіркелген және жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтар (отбасы мүшелерімен бірге) бойынша, иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді-мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу себептерімен 1445 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.

НҰРЛЫ ЖЕР

2021 жылдың  шілде айының 26 жұлдызынан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500 тұрғын үй сертификаттарын беру үшін, 500 азаматтан өтініш пен  құжаттар қабылдану басталды. 

Тұрғын үй сертификаттарын алуға құқығы бар санаттар тізбесі: мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; толық емес отбасылар; Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер.

ШЫМКЕНТТІҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУЫ ТИІС

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық құрылыс басқармасының жарты жылдық есебін тыңдады. Басқарма тарапынан биылғы жылы 113 құрылыс жобасы іске асырылуда. Мекеме қызметінің тиімділігін бағалау 8 мақсатты көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Оның ішінде ең негізгі индикатор – жыл соңына дейін пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы аумағын 1 млн. шаршы метрге жеткізу. Жаңадан салынып жатқан баспаналардың ішінде 570 мың шаршы метрі – көп қабатты тұрғын үйлер болса, 430 мың м2 – жеке тұрғын үйлердің үлесінде.  Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр Шымкент қаласы аумағында жеке және көпқабатты тұрғын үйлер санатынан 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Бірінші жартыжылдықта 276,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға артқан.

Тұрғын үй құрылысының барысымен мұқият танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалауды ұтымды ұйымдастыру керектігіне назар аударды. Бұл бағытта жаңа технологияларды қолданып, салынып жатқан нысандарға онлайн режимде трансляцияға жасауға мүмкіндігі бар камералар қоюға болатынын атап өтті. Тапсырыс беруші – құрылыс басқармасы осылайша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын күнделікті бақылап, өндірістік кестенің сақталуына кепіл болмақ. Құрылыс нысандарымен тікелей эфирде байланыса отырып, жұмыс жиындарын да өткізуге болатынын атап өтті.Басқарманың алты айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берген басқарма басшысының міндетін атқарушы Б.Күздеубаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық жоспары 135,6 млрд теңге болып белгіленген. Бірінші жартыжылдықта атқарылған құрылыс көлемі 50,1 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,6 пайыз болып отыр.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары басталған. Оның ішінде 1224 пәтерлі 18 тұрғын үй – арендалық баспаналар болса, 3608 пәтерлі 61 үй – тұрғын үй несиесін алғандарға табысталмақ.Әкімшілік іскерлік орталығында көпқабатты 12 үй биыл пайдалануға берілсе, 9-қабатты сегіз үйдің құрылысы келесі жылы аяқталады. Жаңадан салынған нысандарға инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 15 жобаны іске асыру көзделіп, оның 6 нысаны пайдалануға берілген. Білім саласы бойынша 11 нысанның құрылысына қаржы бөлінген. Оның ішінде 4 мектептің ғимараты жаңа оқы жылына дейін іске қосылады. Мәдениет және спорт салаларында 5 нысанның құрылыстары жоспарланып, оның екі нысаны пайдалануға берілді.Жоба-сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша екі медициналық ұйым мен Сайрам тұрғын алабында өрт сөндіру депосының құрылыстарын жүргізу жоспарланып, іске асыруда. 

Басқарманың алты айда айтқарған жұмыстарын талдаған Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс қаланың дамуына ықпал ететін маңызды сала екендігіне тоқталды. Құрылыс жүргізу қала экономикасының дамуына тұтастай әсер етіп, бизнестің құрылыс нарығына бейімделуі жүзеге асатынын, оның ішінде құрылыс материалдарының өндірісі қарқын алатынын атап өтті. Қаланың тіршілігі жылжымайтын мүлік нарығы арқылы өрбитінін еске салған қала басшысы, құрылыс жұмыстарын жоспарлауда нақтылық керектігіне көңіл бөлді. Бұл бағытта басқарманың жоспарлау қызметі құрылымының жұмысын жүйелеуді тапсырды..Есеп беру жиынын қорытындылаған қала әкімі Мұрат Әйтенов келешекте Шымкент таза қала болуы керектігін назарға алып, қалада шаңы шығып жатқан жерлер болмауы керектігін тағы да ескертті. Ол үшін құрылыс алаңдарына кіріп-шығатын техникалардың лайдан түгелдей тазартылып отыруын міндеттеді.

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

Шымкентте бүгіннен бастап бастап  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн теңгелік  тұрғын үй сертификаттарына  құжаттарды қабылдау басталды.  Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім болды.  Тұрғын үй жеңілдігі қаладағы 500 азаматқа беріледі. Өтініштер мен құжаттар«www.кezekte.kz» интернет ресурсы арқылы онлайн қабылданады. Бұл процесс қалай жүзеге асады?  Қаржылай көмек кімдерге тиесілі?

 

Азаматтардың тұрғын үй сертификатына жіберілген өтініштері  3 жұмыс күні ішінде қаралады.  Өтінім бойынша жауап электронды түрде жолданады. 1 млн теңгелік көмекті мүгедек балалары бар отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын тұрғындар ала алады. Сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілердің де мүмкіндігі бар.

 

 

Биыл  мұқтаж азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500 млн. теңге қарастырылып отыр. Айта кетейік, қазіргі таңда 45 мыңғат жуық азамат пәтер кезегінде тұр. Ағымдағы жылы 976 азаматты сатып ал құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, алты  айдың қорытындысы бойынша 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілді.

             Алдағы уақытта коммуналдық қордағы 10 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, алдағы уақытта реновациялау бағдарламасы аясында тозығы жеткен және апатты деп танылған баспаналары түбегейлі жаңартылатын болады. 

«НҰРЛЫ ЖЕРДІҢ» ШАРАПАТЫ ТИЮДЕ

Биыл Шымкентте 976 азаматты сатып алу құқығынсыз яғни арендалық  пәтермен қамту жоспарланып отыр. Бүгінде оның 608-і баспаналы болды. Ал қалғандары алдағы уақытта кезегі бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.Жалпы, шаһарда 45 000-нан астам азамат үй кезегінде тұр.Баспана алдымен көпбалалы аналарға, мүгедек жандарға, аз қамтылған отбасыларға, жастарға беріледі. Одан кейін мемлекеттік қызметкерлер мен тағы да басқа тұрмысы төмен жанұяларға үлестіріледі. Қазіргі таңда пәтер беру жұмысы 2 бағытта жүргізіліп жатыр. Біріншісі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ұзақ мерзімді жалға беру. Ал екіншісі, жас отбасыларға 5 жыл көлемінде аз мөлшердегі ақша жалға беру. Бұл бағдарлама жастарға үлкен қолдау беріп отыр.

Өткен жылы жалпы саны 1596 азамат жалдамалы баспанамен қамтылды. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 904 пәтер қолданысқа берілсе, 692 пәтер тұрғын үй кезегі санаттары бойынша азамттарға табысталды.

Өткен жылы қала бюджеті екі есеге өсіп, 244,4 миллиард теңгеден 463,4 миллиард теңгеге жеткен. Сонымен қатар, Шымкент тарихында алғаш рет 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй құрылысы жүргізілген. Ал, инвестиция көлемі 41 пайызға өскен.Жалпы Шымкент қаласында алдағы бес жылда 3 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы және әлеуметтік әлсіз топтағы  азаматтар баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. 2021 жылы осы жұмыстарды бастауға 51 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 11,5 млрд. теңге қарастырылған.

 

 

 

0 пікір