БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
30.05.2024 02:50
21
0

Елімізде тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құруда полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты міндеттердің бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Өйткені елдің әрбір азаматы өз өмірі мен денсаулығы, табысы мен мүлкінің қауіпсіз екенін сезінуге тиіс. Расы керек, полицияға деген  теріс көзқарас қоғамда әлі де бар. Бірақ, басымызға іс түскенде бәріміздің де бірінші  жүгінетініміз осы полиция! Яғни полиция – халықтың қорғаны. Қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы – ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған ең басты міндет. Полицейлердің кәсіби іс-әрекеті адам өмірінің аман қалуына тікелей ықпалын тигізеді. Қоғамдық тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал ететін тәртіп сақшыларының еңбегі қай кезде болмасын ерекше. Ішкі істер органдарындағы халықпен етене жақын жұмыс істейтін қызметкерлердің бірі – полиция. Олардың күнделікті қызметі туралы біреу білсе, біреу білмес.

 Осы бағытта, Түркістан қалалық полиция басқармасының “102” тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды әңгімеге тартып, оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастады. Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер  жылдамдықпен ұстап қалды.  Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, полиция қызметкері үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Тыныштық пен қауіпсіздік үшін өмірлерін құрбан ететін тәртіп сақшыларының қызметтік уақыты қызық пен өкінішке толы. Өйткені, адамдардың кейде жауыздықпен бір-біріне жасайтын қатыгез әрекеттері оларды да бей-жай қалдырмайды. Бейбіт заманда өмірлерін қатерге тігіп, Отанға деген адалдық пен шаңырақ шаттығын таразы басында тең ұстау, береке мен бірлікті сақтау – бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.

Жүрегі елім деп соққан құқық қорғау саласының қызметкерлері бүгінде қоғам арасында ерекше беделге ие. Жыл санап оларға деген сенім арта түсуде. Ендеше, барша полицей қауымға айтарымыз, адал еңбек пен жүктелген жауапкершілікті сезіне білу – жұмыстың тәтті жемісі.

Әрине, өз өміріне қауіп төнсе де, өзге адамдарға көмек қолын созатын қатардағы полицейлерге айтар алғыс шексіз. Біздің мақсат – полиция құрылымы жұмысының тың беттерін көрсету еді. Ендеше, елдік жолында атқарылар игі істер көп болсын демекпіз.

0 пікір