БЕЙНЕТ ТҮБІ-ЗЕЙНЕТ
БЕЙНЕТ ТҮБІ-ЗЕЙНЕТ
04.07.2024 13:23
32
0

 

 

Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет. Жауапкершілігі жоғары, үнемі ізденісті талап ететін кәсіпті ерлермен иық тіресе абыроймен атқарып келе жатқан нәзік жандылар саны артып келеді. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп, өз саласының үздігі атанғандарға құрмет көрсету жалғасын табуда. «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Жақыповтың шешімімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рабиға Ермекбайқызы Бейсебаева «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Рабиға Ермекбайқызы – мемлекеттік қызметте 41 жыл абыроймен атқарып келеді. Кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде қиын да, жауапкершілігі мол әлеуметтік саланы басқарып отыр. Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосып, аудан халқын, мүгедектерді және жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі бірнеше өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында еңбек етіп келеді.

Марапат иесін қоғамдық бірлестік ұжымы құттықтап, кәсіподаққа мүшелікке тарту, ел абыройын асқақтатып, ұлт мәртебесін көтеріп, еліміздің дамуы жолындағы жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тіледі.

 

0 пікір