«БЕСҚАРУ» FEST ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
«БЕСҚАРУ» FEST ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
25.10.2021 14:44
79
0


Шымкент қаласында «Shymqala» этноауылында «Бес қару» fest жобасы бастау алды.
Үш күнге созылатын іс-шара бүгінгі жастарға батырлар институтын қайта жаңғырту, дамыту міндетін алға қоюды мақсат еткен. Онда жасөспірімдерге батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізеді.

Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылады.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Қызылорда қалаларынан жыршылар мен көршілес қырғыз және өзбек елдерінің жыршы-жомоқшылары, каскадерлар мен этно-фольклорлық топ әншілері қатысады.

«Бесқару» fest жобасы үш күнге жалғасады.

0 пікір