
Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «BIK KANC» ЖШС — еліміздегі кеңсе қағазын (А4 және А3 форматында) өндіретін алғашқы отандық кәсіпорындардың бірі. 2018 жылы құрылған зауыт бүгінде жылына 2 880 000 бума қағаз өндіруге қауқарлы.
Қазіргі таңда өндірістің І кезеңі толық іске қосылған. Мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт өнімдері Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіліп, ішкі нарықтағы импортқа тәуелділікті азайтуға өз үлесін қосуда.
2027 жылға дейін өндірістің ІІ кезеңін іске қосу жоспарланып отыр, бұл кәсіпорынның қуаттылығын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
Заманауи технологиялармен жабдықталған цехтарда өндіріс үдерісі толықтай автоматтандырылған. Бұл — жоғары сапалы әрі экологиялық таза өнім шығаруға жол ашады.
BIK KANC — еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, қағаз өнімдері саласындағы отандық бренд қалыптастыруға бағытталған табысты жоба.