«Білім беру саласының құрметті педагогіне» 1 млн теңгеден көп сыйақы беріледі
«Білім беру саласының құрметті педагогіне» 1 млн теңгеден көп сыйақы беріледі
27.08.2020 09:49
173
0

     Биыл Қарағанды облысының мұғалімдері алғаш рет кәсіби мерекесінде құрмет төс белгілері мен ірі ақшалай сыйақы алады. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен тамыз отырысында мәлімдеді.

     «Биылғы жылы облысымыздағы мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төс белгісі жарияланды. Бұл марапат үздік педагогтерге тапсырылады. Оның иегерлеріне 400 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді – бұл бір миллионнан астам теңге. Бұл марапаттың бірінші иегерлерін сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күніне орай анықтаймыз», – деді облыс әкімі.

Дереккөз: ERNUR.KZ

0 пікір