«BIR TOLQYNDA» АЛАҢЫНДА ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
«BIR TOLQYNDA» АЛАҢЫНДА ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
19.09.2024 16:13
30
0

          Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы халықтың көкейінде жүрген мәселелері көтерілген маңызды құжат болды. Біз бұдан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымының жарқын үлгісін көре аламыз.

             Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда Атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу белгіленген АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бүгін «Bir Tolqynda» диалогтың алаңында жастармен жүздесіп, еліміз үшін стратегиялық жоба – атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы ақпарат беріп, өзара пікір алмасты. Жастармен еркін форматта өткен жиында Шымкент қалалық Халықтық штаб төрағасы, Бахадыр Нарымбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикада жаңа өндірістерді қосу үшін көп энергия қажет екенін, мұндай жоғары сұранысты атом энергетикасы ғана шешуге мүмкіндік беретінін айтқанын жеткізді.

             Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда Атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу белгіленгенін және таңдау еркі әрбірімізге берілгенін атап өтті. Ал Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Қарақат Әбден маңызды шешім қабылдауда жастардың рөлі ерекше екенін айтып, дәл осы өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан батыл шешімдер уақытында тұрғанымызды жеткізді. Энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздік жайында кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков энергетикалық қауіпсіздікті сақтау – еліміздің басты стратегиялық мақсаттарының бірі екенін айта отырып, электр энергиясы болмаса, өндіріс те, даму да жоқ екенін назарға алды.

              - Қазіргі уақытта, Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын – көмір электр станциялары арқылы өндіреді. Бұл станциялардың орташа тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. Оның үстіне, Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайыз көлемінде өсіп отыр. Тозығы жеткен станциялармен қажет көлемде энергия өндіру мүмкін еместігіне уақыт өткен сайын көзіміз жетіп келеді. Сондықтан мұндай маңызды шешімде жан-жақты саралап, зерделеген дұрыс. Мен тұрақты энергия көзін қолдаймын», - деді ол. Өзге халықтық штаб өкілдері АЭС салу қажеттілігін туындатып отырған өзге де себептерді түсіндіріп, 6 қазан күні өтетін Референдумда елдің болашағы үшін дауыс беруге шақырды. Жастар тарапынан АЭС салу мәселесі бойынша туындаған өзге де сауалдарға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, «Қазақстан Халық партиясы» қалалық филиалының төрағасы Бахтияр Жандарбеков, қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев, «Ақжол»партиясы Шымкент қалалық филиалының төраға орынбасары Дәурен Босымбаев және республикалық штаб мүшесі Талғат Айтбаев жауап беріп, сала мамандарының, сарапшылардың кәсіби ұстанымдарын жеткізді. Жастар Атом энергетикасы  

                – Қазақстанның жаңа даму белесі екенін айтып, Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ашық мазмұнда өткен жиында жастар өз ойларымен бөлісіп, сауалдарына тұшымды жауап алды.

0 пікір