БИЫЛ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 9 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
БИЫЛ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 9 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
06.04.2022 11:26
123
0
Қала әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қаланы жарықтандыру бойынша жұмыс жоспарларын баяндады.
Шымкентте 2021 жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4 пайызды құрады. Биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.
Әл-Фараби ауданында өткен жылы 8 көше жарықтандырылды. Атап айтқанда, «Наурыз» шағынауданындағы жабай ата, Тәжібаев, Дәулетұлы, Тәжібай ата көшелері және Ақжелкен («Ақжайық» шағынауданы), Жұлдыз («Айқап-Түркістан» шағынауданы), Орманов көшесі («Төменгі отырар» шағынауданы )
Биыл ауданда 9 көше жарықтандырылады. Олар – Еркіндік («Самал-1» ша), Жанкент («Наурыз» ша), Көктас («Айқап-Түркістан» ша), Асфендияров, Балқарағай, мырзабеков («Ақжайық» ша) және Қонаев даңғылы қиылысынан бастап Тәжібаев көшесін соңына дейін.
2023 жылы 15, 2024 жылы 7 көше жарықтандыру бойынша қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. Яғни, 2024 жылы жарықтандыру бойынша 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
0 пікір