«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ- АЛДЫН АЛУ РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ- АЛДЫН АЛУ РЕЙДТІК ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
25.05.2024 01:56
27
0

Қазіргі таңда қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы қылмыстар мен әйел мен бала құқықтарын қорғау ерекше маңызға ие болды. Бала алдындағы жауапкершілігін ұмытқан ата-ананың әрекеті бүгінде қоғамдық түйткілге айналды. Ажырасу деректері көбейген соң, алимент бойынша берешегі барлардың саны да кемімей отыр.Бүгінде республика көлемінде ажырасу дерегі көп. Тиісінше алимент саны да өсіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Жыл сайын Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы өндірілмеген алимент істеріне байланысты деректерді шығарып отырады. Оның ішінде мүлде орындалмай, қозғалыссыз жатқандар ісі де, ара-тұра алимент төлеп, берешегін жартылай қайтарғандар ісі де бар. Соған орай берешек көлемі бірде жоғарыласа, бірде төмендеп отырады. Тіпті жеке сот орындаушылардан қашып, нақты табысын жасырып жүрген азаматтар бар. Осылайша, біздің елімізде баласының алдындағы жауаптылығын сезінбейтін жандар аз емес.

Сондай-ақ, елімізде көлігінің салығын төлеуден жалтартатын борышкерлер қаншама. Қазіргі уақытта  салықтық төлемдерді дер уақытында төлеу кез-келген субьектінің азаматтық міндеті болып табылады. Еліміздің экономикалық өркендеуі мен халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары болуы салықтық және міндетті төлемдердің дер уақытында өндірілуіне байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар салықтық төлемдердің белгіленген түріне байланысты олардың өзіндік төлемдік мерзімдері болады. Соның бірі – көлік салығы. Салықтың  дер кезінде төленбеуі, ел экономикасын әлсіретеді.  Осындай олқылыққа жол бермесі үшін  бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, жаза қатайды. Құзырлы органдар бірлесе  жүргізіген  рейд шарасы барысында,  салықтан жалтарған  азаматтың көлігі тәркіленеді. Тәркіленген  темір тұлпар уақытша автотұраққа қойылды. Енді,  оның иесі  салығын төлемегенше  машинасы қайтара алмайды.   Ал көлігін сот шешімі шыққанша сатып жіберген тұлғалар 10 күнге дейін абақтыға жабылуы ықтимал. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Түркістан қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен полиция, мемлекеттік кірістер басқармасы және жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп «Борышкер» рейдтік іс-шарасы өткізілуде.

«Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан полиция департаменті жеке сот орындаушылармен бірлесіп, «Борышкер» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізілді. Автокөліктер қарқынды жүретін орындарға патрульдік полицияның көліктері жұмылдырылған. Рейд барысында көлік салығы мен алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға шара қолданылады. Тұрақты табысы болсада миллиондаған азамат көлігінің салығын, баласының алиментін төлеуге асықпайды. Түркістан қаласының тұрғындарының 48 миллион теңге төленбеген алименті бар екен. Рейд жұмысының нәтежиесінде мемлекет пайдасына 278 мың теңге салық және айыппұл қарыздары өтелді. Ал, 799 мың қарызы бар үш жүргізушінің авто көлігі  айып тұраққа қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабына сәйкес (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) азаматтардың әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес: Айыппұл салу туралы қаулы, айыппұлды заңды күшіне енгізу қажеттігі туралы нұсқама күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға айыппұл төлеуге тиіс. Қаулы өз еркімен орындалмаған жағдайда айыппұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабына сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндіріп алынады. Айыппұл салу туралы қаулының 896-бабына сәйкес немесе Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алуды болдырмау үшін облыстық ПД айыппұлды уақытылы төлеуді ұсынады.

- Осы аталған іс-шараның басты мақсаты төлем жасалмаған борышкер бойынша мәжбүрлі түрде орындату болып табылады. Аталған іс-шара алдағы уақытта үнемі жүргізіп отырады. Бұл айлық рейдтік іс-шара болып табылады. Сонымен қатар, осыған орай, Түркістан қаласы тұрғындары осы мемлекет пайдасына және әлеуметтік қарыз берешегі бойынша жинақталған қарыздары заңда белгіленген мерзімде төлеуге шақырамыз! – деді, Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Серік Үсеев. 

0 пікір