БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
02.05.2024 14:36
21
0

Адамға еңбек етуге, лайықты өмір сүру үшін табыс табуға ешкім тыйым сала алмайды. Қазақстан заңнамасында жұмыс істейтін мүгедектердің еңбекке құқығын жүзеге асыруға, қауіпсіз жұмыс істеуге арналған қолайлы жағдай жасауға, жұмысқа орналасу және жұмыстан босату кезінде оларды кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Ол материалдық тәуелсіздікті, және ең маңыздысы – қоғамға бірігуді көздейді. Халықты жұмыспен қамту орталығы барлық санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.

Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге құқығы бар. Оның ішінде мүгедектер де. Кез келген топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші және екінші топтағыларға медициналық комис-сиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған бірнеше шара мен арнайы жобалар бар. Мысалы қазіргі таңда олар жұмыс орындарындағы арнайы квота, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытудағы қосымша жұмыс орындары, мүгедектігі бар адамдарға арнап арнайы құрылған жұмыс орындары, мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары арқылы жұмысқа орналаса алады.

           Жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеуге ниетті әрбір азаматының өз мүмкіндігі мен қалауына сай келетін жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Орталыққа қоғамның осал тобына жататын азаматтар мен мүгедектігі бар жандар  келеді. 

         Осыған орай, Фараб кітапханасында Түркістан қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының Түркістан қалалық мансап орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар мен пробация есебінде тұратын жұмыссыз тұлғаларды, жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
         Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шаһар басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Әлібек Шоқпаров, қалалық прокуратура өкілдері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Өз кезегінде жұмыс берушілер қала тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен таныстырып, алаңдатқан сұрақтарына жауап берді және азаматтарға кешенді қызмет көрсетті.
         Аталмыш жиынға Түркістан қаласы бойынша 30-дан аса жұмыс беру мекемелері қатысты және арасында Алматы қаласынан келген жұмыс берушілер де бар. Жәрмеңкеге 200-ге жуық тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласын бойынша өз кәсібін ашып, мемлекеттік грант иеленіп, еңбек етіп жүрген жеке кәсіпкерлердің көрмесі өтті. Жұмыс беруші мекемелер жұмыссыз азаматтарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы ұзақ күтусіз немесе іріктеусіз тікелей жұмысқа орналасу мүмкіндік береді.
         Жәрмеңкенің мақсаты – қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді анықтап, оларды бірлесе шеше отырып, лайықты жұмыспен қамтуға ықпал ету және тегін консультативті кеңестер беріп, жұмысқа орналастыру басты назарға алынған. Сонымен қатар жәрмеңке аясында жұмыссыз борышкерлер мен пробация есебінде тұратын жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамту арқылы олардың әлеуметтік жағдайын түзеу және қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алу болып табылады. Мұндай шараларды өмірде қателік жасап, шалыс басқан жандарды қоғамға бейімдеу болып табылады. Сонымен қатар, жұмыссыз үйде бос жатпай, отбасын асырауға да мүмкіндігі бар.

0 пікір