Бүгін Бейжіңде XIII Паралимпиада ойындары басталады
Бүгін Бейжіңде XIII Паралимпиада ойындары басталады
04.03.2022 11:01
64
0
 

Қазақстан Паралимпиада құрамасынан туды пара шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Қазақстан Паралимпиада құрамасының құрамына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетеді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады.

Спортшылар спорттың алты түрінен: шаңғы жарысынан, биатлоннан, тау шаңғысы спортынан, следж-хоккейден, арбадағы керлингтен және сноубордтан 78 жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық паралимпиадашылар алдымен парабиатлонға қатысады. Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц өнер көрсетеді. Жарыс 5 наурызда Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласында өтеді.

 

Дереккөз:baq.kz 

0 пікір