Бүгін доллар қайта қымбаттады
Бүгін доллар қайта қымбаттады
02.03.2022 11:53
120
0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 наурыз кешімен салыстырғанда 6,68 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 492, 21 теңге болды. Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 487, 75 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 491,54 теңгеден сатылса, сатып алу – 496,58 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 492,23 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 495,72 теңге.


Дереккөз: inform.kz 

0 пікір