БЫЛТЫР ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФКАТТАРЫ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН РАСТАҒАН 148 АЗАМАТҚА БЕРІЛГЕН
БЫЛТЫР ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФКАТТАРЫ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН РАСТАҒАН 148 АЗАМАТҚА БЕРІЛГЕН
13.04.2024 13:32
26
0

2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталып, бүгінгі таңға 215 азаматқа 197,7 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Оның ішінде: 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар – 75; толық емес отбасылар – 16; мүгедектігі бар баланы асыраушы отбасылар – 48; бюджеттік мекеме қызметкерлері – 39; көпбалалы отбасылар – 31; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 6.

​         Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде жалпы сомасы 129,7 млн. тг. тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған 148 азаматқа берілген.

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 51 015 азамат тіркелген, оның ішінде:

​- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша - 1915;

​- көпбалалы отбасылар 13 982;

​- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 702;

​- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 17 381;

​- жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар- 22.

0 пікір