COVID-19 ВИРУСЫ 5 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ
COVID-19 ВИРУСЫ 5 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ
23.02.2022 12:03
97
0
Шымкент қаласында 22 ақпан күнге КВИ-дің 5 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 3, белгілері жоқ – 2). 1 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 4 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 374 орын бар, төсек орын толымдығы 8,6%-ды құрайды, 342 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 32 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 75 төсек орын бар, 3 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 88 адам вакцина алды (I компонент- 46, II компонент-42). Егу науқаны басталғалы барлығы
598 599 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 585 624 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 54 051 адам, II компонентін 33 209 адам қабылдады. Сондай-ақ, 135 855 адам ревакцинацияланды.
0 пікір