ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАССМЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРАДЫ»
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ: «ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАССМЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДА ЕРЕКШЕ РӨЛ АТҚАРАДЫ»
05.11.2022 17:17
41
0
Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Министр алдымен жергілікті «Ontustik» телеарнасының жұмысымен танысып, сол жерде қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесті.
Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізіп отырды.
—Бүгінде министрлік бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның жобасын әзірлеп жатыр. Онда журналистердің статусын айқындайтын, олардың құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік тұрғыда қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған нормалар болады. Сондай-ақ, БАҚ-тарды субсидиялау туралы да ұсыныстар айтылып жатыр. Әрине, мұның бәрі әзірге жоба ғана. Жұмыс тобы нақтылау жұмысын жүргізіп жатыр. Содан кейін заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылады, — деді министр.
Осы орайда, Д.Қыдырәлі Шымкент қаласының еліміздегі массмедианың дамуында ерекше рөл атқаратынын, сондықтан жергілікті журналистердің заң жобасына қатысты пікірі мен ұсыныстары маңызды екенін атап өтті.
Кездесу барысында Үкімет мүшесі журналистердің сауалдарына жауап беріп, салдағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі ойларын ортаға салды.
айта кетейік, мимнистр сапар барысында Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылым жетекшілерімен кездесті. Жиында этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстар нақтыланып, өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары ШыңғысЖұмабекұлы Мұқан қатысты. Дархан Қуандықұлы "Достық үйі" ғимаратында жуырда ашылған "Бірлік алаңы" коворкинг орталығының жұмысымен танысты.
0 пікір