ДӘСТҮРЛЕР ДӘРІПТЕЛГЕН ФЕСТИВАЛЬ АЯҚТАЛДЫ
ДӘСТҮРЛЕР ДӘРІПТЕЛГЕН ФЕСТИВАЛЬ АЯҚТАЛДЫ
22.10.2022 20:15
34
0
Егеменді еліміздің салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи күндер тізбегімен» атты февтивалінің қорытынды кезеңі өтті. Аталған іс-шара⠀25 қазан – Республика күніне орай болды. Салтанатты кеште Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының жастары өз өнерін көрсетіп, дарындылығымен көзге түскен қатысушылар бас жүлдені иеленді. ⠀
Аталған шараның мақсаты - Шымкент қаласындағы талантты, белсенді әрі дарынды жастардың елдің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласуы, жастар арасында салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық және патриоттық сананы қалыптастыру. Сонымен қоса, еліміздегі түрлі салалардың дамуына үлес қосып жүрген жастарды қанаттандыру және дарындылығымен көзге түскен жас буынды ынталандыру, ерен еңбегін бағалау.
–Жастар арасында «Тарихи күндер тізбегімен» атты фестивалі 3 күн бойы жалғасты. Алғашқы күні ер жігіттеріміз ұлттық ойындар бойынша сайысқа түскен болса, екінші күні ару қыздарымыз ұлттық тағамдарын әзірлеген болатын,- деді Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай. ⠀
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен болған іс-шараға 14-29 жасқа дейінгі жастар қатысты. Оларға ұлттық нақыштағы киім үлгісінде болу міндеттелген. Ал фестивалдің әділ өтуін әнші, «Х фактор» өнер сайысының жеңімпазы Астана Қарғабай мен Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Заманбек Орынбеков бақылады.
Фестивальдің қорытынды нәтижесінде жан-жақты белсенділік танытып 1-ші орынға ие болған - Орталық Азия Инновациялық университеті жеңімпаз атанып, Жастар ресурстық орталығының атынан арнайы дипломмен марапатталып, ноутбук сыйлығына ие болды.Екінші орын - Ж. Ташенов атындағы университеті, үшінші орын - Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне бұйырды.
0 пікір