Демократия және Парламентаризм
Демократия және Парламентаризм
14.12.2020 10:35
390
0

Қазіргі барлық олқылықтарды жоятын бірден-бір құрал – мемлекеттік органдарды қоғамға бағындыру, өкілетті органдардың, яғни парламенттің алдында есеп беруі.

Парламентаризмнің негізгі институттары – Парламент пен жергілікті мәслихаттары. Демократия дегеніміздің өзі – парламентаризм. 

II.1. «Ақ жол» демократиялық партиясы парламентаризм институттарын күшейтуді және мықты президенттік жүйеден Парламенттік Республика жүйесіне біртіндеп көшуді көздейді.

Қазіргі кезең Парламенттік Республикаға жоспарлы түрде көшуге және тікелей қатаң билікті тежемелер мен теңестірмелермен ауыстыруға мүмкіндіктер туғызды, ол мемлекет мәселелерін шешуде баламалық пікірлерді ескеруге мүмкіндіктер береді.

● Қазақстанға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ғана емес, сонымен бірге Ұлттық Сенім Үкіметі де керек.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Президент биліктің барлық тармақтарының өзара үйлесіп жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Бұл, Президент – Парламентпен де, Үкіметпен де тең қарым-қатыныста болуы керек деген сөз.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Үкіметтің құрамын Мемлекет басшысы емес, парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия құруы керек деп санайды, партия қоғам алдында өзі құрған үкіметінің жетістіктері мен сәтсіздіктері үшін жауап беретін болады. Дамыған елдер демократиясындағы тәжірибе осындай.

●  Бұл процесстер қисынды жалғасы ретінде қала (оның ішінде мегаполистер) және басқа да елді-мекендер әкімдерін халық партия мен азаматтық қоғам өкілдері арасынан тікелей дауыс беру арқылы сайлауы керек.

● Билік партиясының филиалдарын әкімдер басқаратын тәжірибеден арылу, тіпті оған заң жүзінде тыйым салу керек. Бұл билікті монополияландырудың ең айқын мысалы. Әкімдер шенеуніктің жеке мүдделеріне емес, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.

● Парламент пен мәслихаттардың бақылау функцияларын кеңейтіп, қоғамдық резонанс тудырған оқиғаларды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын, билік құрамындағы жемқорлық фактілерді бойынша парламенттік тергеулерді жүргізу құқықтарын беру қажет.

● Мемлекет мүмкіндіктері кез-келген мәселелені шешу кезінде бюджетке байланысты. Сөйткенмен мемлекет қаржысының едәуір бөлігі бюджеттен тыс шығындарға жұмсалады және қоғамнан жасырылады. Сол кезде заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық дамиды. Сондықтан, ең басты міндет – Парламентке барлық мемлекет қаржысының жұмсалуын бекіту мен бақылауды тапсыру маңызды.

● Біріншіден, бұл ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетіне қатысты. Олардың көбі мемлекеттік бюджет қолдауынсыз өмір сүре алмайды. Оның үстіне шет елдерден де несие алатындары бар. Бұл қаражат қоғамнан жасырын пайдаланылған соң, сол жерлерде жемқорлыққа жол ашылады. Сондықтан да ұлттық компанияларды, олардың «еншілес» компанияларын, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, «СК-Фармация» немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар сияқтыларды кеңейтілген мемлекеттік бюджетке енгізіп, оларды өз шығындары мен жетістіктері туралы қоғамға есеп беруге міндеттеу керек.

● Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бюджетке алу керек. Егер 5-10 жылдан кейін қандай болмасын мұндай компания бюджеттен ақша сұрайтын болса –  ол мемлекеттік ресурстарды пайдаланып, мемлекетке емес, өз қалтасына жұмыс істейтіні анық.  Ондай компанияларды таратып, оның орның жеке бизнеске беріп, солар өз қаражатын салып, бюджетке салық төлейтін болады.

Екіншіден, азаматтар мен бизнес төлейтін түрлі міндетті «мүшелік», «жинақтаушы», «сақтандыру» және тағы басқа төлемақылар қосымша салыққа айналды. Мысалы, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны салымшылардын өзі бақылай алмайды. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына қатысты жанжалдар болып тұрады. Сондықтан бұлқорларды басқаруды, олардың шығындары мен сыйақыларын бақылауды Парламентке беру керек.

● Үшіншіден, мемлекеттік бюджет – мұқият болуды күнә санамайтын, қайта талап ететін сала. Демократиялық елдерде бюджеттік бақылауды парламенттік оппозиция өкілдері басқарады. Оның қисыны анық –  сайлауда жеңіске жеткен партия бюджетті бөледі, іске асырады, бірақ, қарсыластары қадағалап отырады.

Биыл Президенттің тапсырмасымен және де Мәжилистегімен Сенаттағы әріптестеріміздің қолдаумен, «Ақ жол» демократиялық партиясы жоғарыда айтылған «Парламенттік оппозиция туралы» заңын өткізуге қол жеткізді. Осылайша, біздің депутаттарымыздың микрофондарды өшіріліп, заңдарға енгізілген түзетулер Үкіметтің «цензурасына» ұшыраған кезде тәжірибе тоқтатылды.

Осы заңды пайдалана отырып, кезең-кезеңмен билік монополиясын тежемелер мен теңестірмелер жүйесіне айналдыру қажет.

● Мемлекет тек естіп қана қоймай, шешуші күшке ие болуы керек. Мәселелерді көтеру және өтініштерді қабылдау жеткіліксіз, қоғам күткен практикалық қадамдарға қол жеткізу әлдеқайда маңызды.

● Сонымен бірге, Үкіметтің қарсылығына қарамастан, Парламенттің сайлаушылар мұқтажына керек қаражатты бюджеттен бөлу құқығы болуы өте маңызды.

Бүгінде заңға сәйкес депутаттардың бюджеттік ұсыныстары Үкіметтің келісімінсіз қаралмайды да. Ал, сайлаушылар сенімін министрлерге емес, Парламентке артады ғой.

Егер Парламенттің тікелей қаржыландыру өкілеттігі болса, көпбалалы отбасыларда тұрғын-үй жетіспеушілігі болмас еді.  Ашық аспаннан бомба жаудырған оқ-дәрі қоймалары Арыс қаласының маңынан 10 жыл ішінде көшірілген болар еді, бұл қаланы қалпына келтіруден он есе арзан.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламентке бюджеттің 1% бөлігін сайлаушылардың қоғамдық маңызды аманаттарын қаржыландыруға (бюджеттік процедуралар арқылы) бөлінгені жөн деп санайды. Квазимемлекеттік компанияларға миллиондаған сыйақы бергенше, теміржол үстінен өтетін жолаушылар көпірін немесе ауыл көшесіне асфальтталған жол төсеу әлдеқайда маңыздырақ.

II.2. Әділ сайлау – кез-келген елдің демократиялық ашықтығы көрінісі болып саналады. Қазақстан азаматтардың сайлау құқықтарын қорғау, сайлаулардың бұрмалануын болдырмау мақсатында сайлау реформаларына мұқтаж. Мысалы, өткен мәслихаттардың сайлауы кезінде әртүрлі сылтаулармен 100-200 теңге салық төлемдері деректеріндегі алшақтық үшін «Ақ жол» партиясының жүзге жуық кандидаттары сайлауға түсуден алып тасталды.

● Сайлау кампаниясынан «ыңғайсыз» үміткерлерді түсіріп тастауға тыйым салынсын. Үміткерлерге қойылатын барлық талаптар сайлаушылар дауыс бергеннен кейін, толыққанды сот процесінде қаралуы керек.

Үміткерлердің салық декларацияларында рұқсат етілетін межелер белгіленуі керек, мықты үміткерлер елеусіз кемшіліктер үшін сайлаудан түсірілмеуі керек. Үміткерді тіркеу жарнасы 10 АЕК деңгейінде белгіленгендіктен, осы сома деңгейінде салық декларациясында сайлауға қатысуға рұқсат беретін мөлшер ретінде бекітілу керек.

● Учаскелік сайлау комиссияларын дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бір сағат ішінде дауыс беру нәтижелерінің хаттамасын рәсімдеуге және байқаушылар мен кандидаттардың ресми өкілдеріне осы хаттамалардың расталған көшірмелерін беруге міндеттеуді қажет деп санаймыз.

Бюллетендері бар жәшіктерді сайлау учаскесінен дауыстарды ресми санағанға және хаттамаларды ресімдегенге дейін шығаруға тыйым салынсын.

Бұл талаптарды бұзғанда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек.

● Сайлау туралы айтқанда, тағы бір өзектісі – сайлауалды компаниялар кезінде әкімшілік ресурастарды қолдану мәселесі. Студенттерді сайлауалды іс-шараларға мәжбүрлеп қатыстырған, олардан кімге дауыс бергені туралы есеп беруді талап еткен және тағы басқа әрекеттерге барған басшылар қызметтен бостатылуы керек.

Жастарға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беруге міндеттіміз. Жастардың ой еркіндігін шектеу – саналы түрде оларды жалғандыққа және өзін кем санауға үйретумен бірдей. Ондай ұлттың ұрпағы ез болып өседі. Ал бізге ез емес, еркін, күшті және өзіне сенетін ұрпақ керек.

Осыдан тура бір ғасыр бұрын, алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабайұлы «Мен жастарға сенемін» – деп жырлаған. Ал біздер, жүз жыл өткен соң неліктен сол жастарға сенбейміз? Неліктен олардың өз таңдауына кедергі жасаймыз?

Ақ жол демократиялық партиясы біздің жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық абыройын қорғауды талап етеді.

● Сайлау процедураларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы. Осындай кемшіліктер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыты жетті. Өйткені азаматтардың даусын ұрлау немес бюллетендерді қосу арқылы сайлау тәртібін бұзатындар билікті заңсыз басып алуды жүзеге асырады. Конституция бойынша халық биліктің қайнары болып табылады. Олардың дауыстарын ұрлау арқылы өзіне билікке ие ету, яғни билікті басып алу. Мұндай іс әрекеттер үшін жазалайтын кез келді.

Бұл шаралардың барлығы сайлау процестеріне деген сенімділікті арттыру, сайлаушылар мен бақылаушылардың қатысуын және қоғамдық бақылау мен сайлаудың ашықтығын күшейту үшін қажет.

● Иә, мұндай шешімдер сайлау қорытындыларының болжамсыздығына әкеледі. Бірақ та оның мәні сайлауды шенеуніктер басқармауы керек, олардың нәтижесі сайлаушылардың еркіне ғана байланысты болуы тиіс, бұл – «Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанымы.

Әрине, мұндай әрекет популизм сияқты тәуекелдерді туғызады. Бұл адамдардың мемлекетіне деген сенімін жоғалтқанын гөрі әлдеқайда жақсырақ.

Бізге ашық пікірталастар алаңында мемлекеттік мүделерді дәлелдеп, қарсы тұруға үйренетін кез жетті. Сусыз жерде жүзуге үйренуге болмайтындай адамдардың саяси мәдениеті де қалыптаспайды.

● Сол сияқты, жаңа саяси партияларды 10 мың мүшеге дейін тіркеумен жеңілдету, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауда партиялық  өту шегін 7-ден 5% – ға дейін төмендету де қажет деп санаймыз.

● Біздің таңдауымыз, «Ақ жол» демократиялық партиясының таңдауы – бұл еуропалық даму жолы, мемлекет пен қоғам қатынастарындағы еуропалық тәсілдер, еуропалық өмір сапасының стандарттары.

Бұдан басқа «Ақ жол» демократиялық партиясы келешекте еуропалық тәсілдерді енгізуді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық одаққа кіруі туралы мәселені көтеруді де  қарастырады.

 

Дереккөз:  «Ақ жол» Демократиялық партиясының  ресми сайты

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

1. Президент бастамалары жүзеге аса бастады - Ерлан Қарин
2. Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың схемасы бекітілді
3. Түбегейлі өзгерістер қажет
4. Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
5. Тұлғатану төңірегіндегі түйткілдер

 

0 пікір