Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі басымдықтары – бюджет тәртібі, қаржы тиімділігі, цифрландыру және медицина қызметкерлерін қолдау айқындалды. Бұл бағыттар бүгінде Шымкент қаласында жүйелі түрде іске асырылып келеді.
Қалада дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен госпитальдық фармацияны оңтайландыру нәтижесінде қаладағы емдеу мекемелерінде 200 млн теңгеден астам қаражат үнемделіп, мекемелердің медициналық бағыттарына қайта жаратылды.
Медициналық қызметтерді есепке алу және бақылау үшін PACS Systems, Cerebra, Puls AI секілді жасанды интеллект жүйелері енгізілуде.
2025 жылы Шымкентте:
▪️ 1 жүрек және 17 бүйрек трансплантациясы
1 140 жоғары технологиялық операция, соның ішінде 350+ кардиохирургиялық, 100+ нейрохирургиялық оталар жасалды
Медициналық инфрақұрылым жаңарып, 2 аурухана күрделі жөндеуден өтті, жедел жәрдем қызметі 40 жаңа автокөлікпен толықты, ал медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 90%-ға жетті.
Медицина қызметкерлерін қолдау – басты басымдық. 2025 жылы дәрігерлердің біліктілігін арттыруға 381,8 млн теңге бөлінді.
Шымкент – заманауи медицина, озық технология және тұрақты даму жолындағы қала.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru