Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
Депутаттың Қазақстанға қатысты мәлімдемесі: СІМ Ұлыбритания елшісін шақырды
02.03.2022 11:58
104
0

Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұрады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания тарапы британиялық парламент депутатының мәлімдемесін түсіндіруін күтіп отыр.
Жуырда депутат Маргарет Ходж Ұлыбританияның сыртқы істер министрінен "Путинге қолдау көрсететін" Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкциялар енгізуге бола ма деп сұраған болатын.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл мәселені анықтап зерттеу керектігін айтты.
"Бұл парламентте сөз сөйлеген бір депутаттың мәлімдемесі. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі (Кэти Лич - Sputnik) бүгін сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Біз одан осы жағдайға қатысты түсініктеме күтеміз", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев парламент кулуарында.
 
 
 
Дереккөз:Sputnik. 
0 пікір