ДЕРТТІ ДЕР КЕЗІНДЕ ТЕКСЕРІЛГЕН ЖЕҢЕДІ
ДЕРТТІ ДЕР КЕЗІНДЕ ТЕКСЕРІЛГЕН ЖЕҢЕДІ
21.05.2024 15:07
37
0

Тексерулер ауруды ерте кезеңде немесе оған бейімділікті анықтауға, оңтайлы емдеуді таңдауға және алдын алу шараларының кешенін тағайындауға көмектеседі.  Шымкентте жыл басынан бері скринингтің көмегімен 1000-нан астам адамның қатерлі ісік ауруы анықталды. Айта кетейік,  скрининг - бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық – медициналық тексерулерден өткізу.  МӘМС шеңберінде жүргізілген медициналық профилактикалық тексерулер 1160 әйелде сүт безі мен жатыр мойны обыры және 44 адамнан тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға мүмкіндік берген. Дәрігерлердің айтуынша, ауруды ерте сатысында анықтаудың арқасында науқастар дер кезінде ем қабылдауға кіріскен. Скринингттік тексерулердің көмегімен қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтап, асқынулардың алдын-алуға болады.     

Медициналық профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізіледі. Жыл басынан бері аталмыш тексеру аясында 3276 адамда қан айналымы жүйесінің аурулары, 500-ден астам шымкенттікте қант диабеті мен глаукома дерті белгілі болған. Жалпы, скрининг мінез-құлықтық тәуекел факторлары;

артериялық гипертония;

жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті;

глаукома;

жатыр мойны обыры;

сүт безінің қатерлі ісігі мен колоректалды обыр;

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға мүмкіндік береді. Тексерулер жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар; 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер мен тәуекел топтары арасында жүргізіледі. Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз. Халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында МӘМС жүйесінде скринингтік тексеруге ерекше мән берілген.

 Еске салсақ, МӘМС жүйесі арқылы бүгінде учаскелік дәрігер қабылдауынсыз бейінді мамандардың көмегіне жүгіну оңтайландырған. - шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар; - шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; - дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар; -тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау; - онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда; - динамикалық бақылау ауруының бейіні бойынша; - жастар денсаулық орталықтарына жүгіну регламенті жеңілдетілген.

0 пікір