Д.ҚЫДЫРӘЛІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Д.ҚЫДЫРӘЛІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
05.11.2022 17:14
47
0
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылым жетекшілерімен кездесті. Жиында этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстар нақтыланып, өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты.
Д.Қыдырәлі еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып, түрлі этнос өкілдері еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті.
— Қоғамдық келісім — еліміздің басты байлығы. Қалалық ассамблея мүшелері, этнос өкілдері әрдайым ұйымшылдық танытып, қайырымдылық акцияларына белсене қатысады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілге деген құрмет, этномедиацияны дамыту жұмыстары қарқын алған. Біз барлық бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз, - деді Д.Қыдырәлі.
ҚР өзбектерінің "Дустлик" қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов, славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Сергеева "Ассамблея жастары" РҚБ қалалық өкілдігінің басшысы Н.Мейірбеков атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Жалпы қазіргі таңда қалалық ҚХА жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет етсе, олардың жанынан 19 шығармашылық ұйым жұмыс істейді.
Дархан Қуандықұлы "Достық үйі" ғимаратында жуырда ашылған "Бірлік алаңы" коворкинг орталығының жұмысымен танысты.
Айта кетейік, Министр алдымен жергілікті «Ontustik» телеарнасының жұмысымен танысып, сол жерде қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Үкімет мүшесі журналистердің сауалдарына жауап беріп, салдағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі ойларын ортаға салды.
0 пікір