ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
25.04.2024 07:21
45
0

Президент тапсырмасына сәйкес Ешбекші ауданы “Таза Қазақстан” аталмыш экологиялық акциясында атсалысып еңбек етіп жүр. Республикалық акция аясына аудан тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы аудан аумағында орналасқан Алатау саябағында бірге тазалық жұмыстарын жасады.
Іс-шараға 200-дей адам, 4 техника жұмылдырылған.
-Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік. Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде баршамыздың міндетіміз, - дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Әсел Ілияс.
Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Қалаға сүйіспеншілік қаланың тазалығына атсалысудан басталады. Айта кетейік, бұрын қоқыс үйіліп жататын орыннан халыққа жайлы, көк желекті саябақ ашылғанына маңайдағы халық дән риза. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.

0 пікір