Ел намысын қорғайтын Шымкенттік спортшыларға тілекші болайық
Ел намысын қорғайтын Шымкенттік спортшыларға тілекші болайық
26.07.2024 18:45
72
0

Биыл Франция төрінде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапында Шымкент қаласынан аттанған спортшыларымыз аз емес.  Үздіктердің үздігі бақ сынайтын байрақты бәсекеге ең мықты спортшыларымыз қатысады. Жерлестеріміз таеквандо, бокс, каное, көркем гимнастика, семсерлесу, нысана көздеу, грек-рим күресі сынды спорт түрлерінен олимпиаданың алтын жүлдесіне таласатын болады.Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері осымен сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары биыл алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген брейкинг және бадминтон сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді. Брейкингтен ел намысын Әмір Закиров қорғаса, бадминтон сайысында Дмитрий Панарин бақ сынайды. Олимпияда ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді. Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Спортшыларымызға тілеріміз, ел намысын абыроймен қорғап, олимпиада шыңын бағындырсын. Отанымыздың туы биікте желбіреп, әнұранымыз Франция төрінде шырқалсын. Сондай-ақ, қажымас қуат, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз. 


0 пікір