Елбасы мен Президент кездесті
Елбасы мен Президент кездесті
28.08.2020 09:43
245
0

    «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу өткізді.

    Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды. «Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды. Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады». деп жазды Айдос Үкібай

 

Дереккөз: ERNUR.KZ

0 пікір