Елімізде 2022 жылы қандай зауыттар іске қосылады?
Елімізде 2022 жылы қандай зауыттар іске қосылады?
26.04.2022 11:28
111
0

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 2022 жылы елімізде қандай зауыттар іске қосылатынын айтты.

 

Министр 2022 жылдың негізгі жобаларын атап өтті.

Олар – Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт салу. Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыттың құрылысы және Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы мен Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы, – деді ол.

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында – май экстракциялық зауыты, Жамбыл облысында – минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады, – деді Қайырбек Өскенбаев.

 

 

Дереккөз:baq.kz

0 пікір