Елімізде доллар бағамы тағы өсті
Елімізде доллар бағамы тағы өсті
04.03.2022 12:24
76
0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы тағы өсті. Қазір бір доллар шамамен 497,02 теңге.

4 наурыздағы деректерге сүйенсек, бір тәулік ішінде АҚШ валютасы 3,59 теңгеге өскен. Қазір доллардың орташа бағамы 497,02 теңгені құрап отыр. 

Нұр-Сұлтанда бір доллар 494-497 теңге аралығында сатылуда. Ал сатып алу 498-505 теңге аралығында.

Алматыда сатып алу 500,5-505 теңге аралығында болса, сату 494,5-500 теңгеге аралығында.

Шымкентте де шамамен осындай бағам. Еліміздің үшінші мегаполисіндегі ақша айырбастау орындары долларды 500,5-505 теңге аралығында сатып, 494,5-497,1 теңге аралығында сатып алуда. 

 

 

Дереккөз:nur.kz

0 пікір