ЕЛІМІЗДІҢ ОНКОЛОГТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
ЕЛІМІЗДІҢ ОНКОЛОГТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
02.11.2022 13:06
36
0
Шымкенттегі онкологиялық орталықта Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының онколог-дәрігерлерінің қатысуымен "Онкологиялық тәжірибедегі интервенциялық хирургияның өзекті мәселелері" тақырыбында екі күндік шеберлік сабағы басталды, деп хабарлайды қала әкімінң баспасөз қызметіне сілтеме жасаған dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Шараны ұйымдастыру үшін орталық базасы арнайы таңдалған. Өйткені Шымкент қаласы онкологиялық орталығы дәрігерлерінің онкологиялық науқастарды емдеуде интервенциялық рентгенологиялық араласуларды орындауда өте тәжірибелі.
Шеберлік сағатында мамандар өзара тәжірибелерімен алмасады. Рентгенхирургияның заманауи әдістерін қолдана отырып, пациенттерге онкологиялық көмек көрсетудің замануи әдістерін, пациенттерді қатерлі ісік және бауыр ісігі аурулары кезінде химиоэмболизациялауға іріктеу, бас және мойын ісіктері кезінде өңірлік химиоинфузия, өкпе және жатыр мойны обыры, сондай-ақ бүйрек обыры мен жамбас ісігі ауруларында ісіктерді эмболизациялау мүмкіндіктерін талқыламақ.
Өткен жылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қолдауымен және орталық басшылығының белсенді жұмысының нәтижесінде “Phillips azurion-7” заманауи ангиографы орнатылған. Бұл онкологтар үшін де, рентгенхирургиялық ем алатын науқастар үшін де соңғы үлгідегі таптырмас құрал.
Жыл басынан бері бұл ангиографта жоғары технологиялық емдеу санатына жататын бауыр, өкпе, бүйрек және жамбас қатерлі ісігінің химиоэмболизациясы бойынша 150-ден астам ота жасалды.
Шымкент қаласындағы онкологиялық базасында еліміздің түкпір-түкпірінен келетін пациенттерді де қабылдауға мүмкіндігі мол.
0 пікір