Еңбек министрлігі жастарды жұмысқа орналастыру жобасын іске қосты
Еңбек министрлігі жастарды жұмысқа орналастыру жобасын іске қосты
30.05.2022 12:16
93
0

Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" және Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлесіп "Жастарды жұмысқа орналастыру" бірлескен жобасын іске қосты.
35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған.
 
"Жоба аясында биыл мамырдан бастап "Enbek.kz" электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
 
Жұмыс іздеушілер "Enbek.kz" порталының басты бетіндегі баннерді басып, ERG тобындағы компаниялардың бос жұмыс орындарының тізімін көре алады.
Жоба іске қосылғалы түрлі мамандық бойынша 346 бос жұмыс орны көрсетілген. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.
 
 
0 пікір