ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР СПОРТТЫҚ САЙЫСТА БАҚ СЫНАСТЫ
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР СПОРТТЫҚ САЙЫСТА БАҚ СЫНАСТЫ
22.04.2024 15:07
41
0

 

«Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осылай деген болатын.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкентте де жалғасын тауып жатыр. «Саламатты болашақ»деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жоба аясында кешенді тәсілге бағытталған, шаралар жүргізілуде. Ерекше қажеттілікгі бар балалар үшін және спортпен жыл бойы жүйелі шұғылдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың әлеуметтік интеграциясына, физикалық оңалтуына, дене мүмкіндіктерін қолдауға және денсаулығын нығайтуға ықпал етуге арналған жұмыстар қолға алынған. Оған «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау білдіріп отыр.

 «Саламатты болашақ»деп аталатын республикалық ауқымдағы әлеуметтік жобаны Шымкентте де қолдау тауып отыр. «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен спорт фестивалі өтті. Аталмыш іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорт фестивалінің аясында «Children Paralympic games 2024» деп аталатын ойында бейімдеу секцияларының тәрбиеленушілері өздері бейімделген бочча, голбол, шығыс жекпе-жегі, футбол, жүзу, жеңіл атлетика, футбол сияқты спорт түрлерінен жарысқа қатысып, бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ал қала әкімінің орынбасары С.Құранбек болашақта қаламызда спортқа бейімі бар мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар үшін параолимпиадалық спорт түрлеріне арналған орталық ашу жоспарда бар екендігін жеткізді. Бұл өз кезегінде ерекше балаларға үлкен мүмкіндік болып табылады.

Елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға үлкен қолдау, айрықша көмек көрсетіліп жатыр. Ел Президенті Үкіметке бұл санаттағы балаларға ерекше қамқорлық көрсетуді, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көңіл бөлуді тапсырды.Елімізде жыл сайын 11 мыңнан астам баланың мүгедектігі бар екені анықталады екен. Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің мәліметінше, бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған мектептердің үлесі — 80 пайыз. Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың баланың 65 пайызы мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Қалған балалар арнайы сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда және үйден оқиды. Бүгінде облыста білім алуға ерекше қажеттілігі бар 7321 бала тәрбиеленуде. Өңірдегі 146 (64 пайыз) балабақша мен 343 (85 пайыз) жалпы мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

0 пікір