ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ «QAZAQ QAZYNASY» ЦЕХЫНДА ТЕГІН ОҚУ КУРСТАРЫНАН ӨТЕ АЛАДЫ
ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ «QAZAQ QAZYNASY» ЦЕХЫНДА ТЕГІН ОҚУ КУРСТАРЫНАН ӨТЕ АЛАДЫ
16.07.2024 13:33
92
0

Әрбір ата-ана шөңге баласының табанына кіргенше өзінің маңдайына кіргенін қалайды. Алайда өмірдің өз дегені бар. Әсіресе айналасын танып-түсіне бермейтін, қоршаған ортаға бейімделмеген түрлу ауруға шалдыққан балалар туралы айту әркімнің болсын жанына бататыны анық. Айту былай тұрсын, сондай ерекше балаларды бағып-қағып, әлі жеткенше тәрбиелеп, оңалтып отырған ата-ананың жай-күйін түсіну одан да қиын. Ондай ата-ана ең алдымен қолдауға, түсіністікке, мейірімге мұқтаж. Тағдырдың сынағына мойымай, ерекше балалары үшін барын беріп, күресіп жүрген ата-аналар — бүгінгі қоғамның батыры. Енді ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады. «Qazaq Qazynasy» кілемдер цехы ашылды. Елімізде ерекше балаларға көп көңіл бөлініп келеді. “Кедергісіз келешек”, “Тең мүмкіндіктер әлемі”, “Арман әлемі” деген қоғамдық қауымдастықтар жоспарлы түрде жұмыс жасауда. Аталған ұйымдар мен инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының мақсаты бір. Қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамнан тыс қалдырмау. Дегенмен, сол балаға күтім жасайтын ата-аналарда жұмыссыз қалмауы тиіс. Осы мәселені бірнеше жылдан бері назарға алған “Арман Әлемі” кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалар қауымдастығы «Qazaq Qazynasy» қазақ қол кілемдері цехының салтанатты ашылуы рәсімін өткізді. Енді ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың ата-аналары «Qazaq Qazynasy» цехында тегін оқу курстарынан өтіп, кілем тоқу, киіз басу бойынша жұмыс жасай алады. Бүгінде цехта 5 қыз келіншектен құралған 2 топ бар. Кілем тоқумен қатар киіз басумен де айналасады. Алдағы уақытта 4 кілем құрылғысын 10 данаға көбейту жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар. “Qazaq Qazynasy” басшысы Фарида Бакибаева жобаның мақсытымен таныстырды. - Кілем цехында біз қазақтың кілем тоқуын анықтайтын күрделі техникалар мен көркемдік дәстүрлерді ұстанамыз. Әрбір кілем - бұл өз білімі мен дағдыларын ата-бабаларынан мұра еткен тәжірибелі шеберлер мұқият жасаған өнер. “Арман Әлемі” кедергісіз қозғалыс заңды тұлғалары бірлесіп, Бизнес Инкубатор жобасын іске асырдық. Цех ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар қыз келіншектерге арналған. Біздің Бизнес Инкубаторда келекшекте басқа да бизнес бағыттарын ашамыз,-дейді Фарида Бакибаева.

 

0 пікір