Ерікті болу—ерлікпен тең
Ерікті болу—ерлікпен тең
16.12.2021 15:49
184
0

Егемендіктің 30 жылдығына орай Шымкентте үздік волонтерлерге құрмет көрсетілді.  Салтанатты шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы қатысып, ізгіліктің жалауын биік желбіреткен жандарды өзгелерге үлгі етіп,  қошемет білдірді.
Сонымен қатар, «Еріктілер» күніне орай «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» жобасы жүзеге асқан болатын.
Игі шараға ұйытқы болған - «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қоры.  
Жиынға Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Тулегенов және мәслихат депутаттары Н.Бұқарбай, Л.Сулайманов қатысты.

Былтырғы «Еріктілер жылы» болып бекітілуі еліміздегі 200-ден астам еріктілер ұйымы мен 50 мыңнан астам белсенді еріктілерге жігер берді.

Айта кету керек, Mobil Plus-тегі еріктілер қозғалысы 2015 жылдан бері жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болып келеді. Көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам материалдық қолдау көрсетті.

Қарқынды әрі нәтижелі жұмыстың арқасында «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қоры құрылып, қысқа мерзім ішінде «Балалық шақ аллеясы», «Мектепке жол», «Әлем балалар көзімен» сынды акциялармен қорымыз көпшілікке таныла бастады.

Іс-шараны ұйымдастырушы мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі, «Мобиль плюс Көмек» қайырымдылық қорының президенті КЕРІМБАЕВА НАРГИЗА АБАЙДУЛЛАҚЫЗЫ ерікті жастарды және көп балалы аналарды марапаттап, сыйлықтар табыстады. - «Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған іс-шарада үздік волонтерларды қажырлы еңбегі үшін марапаттадық. Жастар арасында дұрыс құндылықтарды насихаттап, өзгелерге қамқорлық және мейірімділік көрсету мақсатында осындай іс-шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Жастар белсенді волонтер болуға лайықты екенін білу керек. Ал біз оларды әрдайым қолдауға дайынбыз», - деді Наргиза Абайдуллақызы.

0 пікір