ЕРІКТІЛЕР КОМПАНИЯСЫ МАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ЕРІКТІЛЕР КОМПАНИЯСЫ МАРАФОН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
18.04.2024 13:08
29
0

 Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен су тасқынына ұшырамаған өңірлерде 8 сәуірден «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Үшінші мегополисте көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қаламызда республикалық тазалық акциясы аясында қала көшелеріне ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, аббаттандыру және тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатыр.   Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс жексенбіде 46 мектеп-лицейі маңында өтті.

Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.

Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.  Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында алдағы уақытта Шымкент көшелер мен саябақтарды абаттандыру, көшеттер отырғызу көзделген. Белсенділер еліміздің 18 өңірінде жұмыс істейтін ұйым эко-сенбіліктер мен экологияны сақтауға бағытталған көптеген игі істің басы-қасынан табылып жүр.  Қаланың көркі оның әрбір тұрғынының салауатты өмірінің кепілі екенін терең түсінетін шымкенттіктер республикалық экологиялық акцияның жоғары деңгейде өтуіне ықыласпен көңіл бөлді. Қаланың әрбір көшесі мен аулалары тазалықтың талабына сай жарқырай түсті. 

0 пікір