ЕСIРТКI ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
ЕСIРТКI ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
12.05.2024 14:43
16
0

       Қазіргі уақытта есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерген. Есірткі өлімге әкеліп соғады. Бір жағынан таратушы, жеткізіп берушінің өмірі, екінші жағынан есірткіні пайдаланушының өміріне қауіп төнеді. Есірткінің әсерінен адамның жүйкесін тыныштандыратын әсер алғанымен, есірткінің күші жойылғанда адам өте сезімтал болады, есірткі әсерінен өзін көңілді сезінсе, есеңгіреу аяқталғаннан кейін адам төзгісіз ауруды сезінеді. пиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.
       Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады, алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады. Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды. Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады. Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті базарда да  сатып  алуға  болады.                                           

       Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін  болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады. Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады. Бір  пайдалансаң  жайың  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.  Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  сатына  қосылғанын  білмей  қалады.

        Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

Осы орайда, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өзімен бірге есірткі затын сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Азаматтың жеке басын тінту барысында оның шалбарының оң жақ қалтасынан қағазға оралған хош иісі бар есірткі заты тәркіленіп, сот сараптамасы тағайындалды.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.  «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,біздің алға қойған мақсатымыз:  зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – азаматтар мен азаматшалар болып өсу.

Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.

0 пікір