ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ҚАЖЕТ
ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ҚАЖЕТ
27.05.2024 02:00
23
0

Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда. Бұған жамбылдық полицейлер де үлес қосуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осы мәселе туралы: «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген еді.

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.    Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол, қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады. Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды. Есірткіге тәуелділер қатарының күннен күнге артуы, әрі оның жастар арасында етек жаюы алаңдатарлық жағдай. Алдын алу шаралары мен есірткімен тікелей күрес шараларының жүйелі жүргізілуіне қарамастан, нашақорлар санының артуы негізінен синтетикалық есірткінің таралуымен байланысты екені анық. Қазір синтетикалық есірткі – арзан әрі әлемде ең кең таралған психотропты заттардың бірінен саналады. Мұның әсіресе жастар арасында таралуы жаһандық проблемаға айналып отыр. Ақпараттық технологиялардың дамыған заманында есірткі заттарын дайындау, тарату, саудалау, насихаттаудың жолдары барынша кеңейіп жатыр. 

Осы бағытта, Түркістан қаласында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыстық әкімдік және бейінді мекемелері ұйымдастырған, 26 маусым-Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай бір айлық іс-шараның ашылуы өтті.

Ашылуы салтанатына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов пен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. Сондай-ақ кездесуге оқушылар, студенттер және облыс орталығының жастары, жалпы барлығы 500-ге жуық адам қатысты.

Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, жастарды нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

             Айта кетсек, 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 кг есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.

           Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.

         Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың, алдын алудың жолдарын іздеуіміз керек.  Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Нашақорлық індетінің кеселі қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Бұл дертпен «ауырған» адамның баратын жері түрме екені белгілі. Бірақ соған жетпей қылмыстық әрекеттер жасап, қоршаған ортаға, адамдарға залалын тигізуде. Сондықтан есірткіге қарсы үздіксіз жүргізіле береді. Есірткіге құмарту – адам үшін де, оның отбасы үшін де ауыр қайғы. Осындай қасіретке жол бермеу үшін әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Өйткені, отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпағанымыз жөн.

0 пікір