
Жылына 500 данадан астам электр генераторын өндіреді. Дизельді және бензинді генератор, компрессор, дизельді насостар шығарылады. Сапасы Еуропа мен Түркиядан кем түспейді.
Өнімнің 80 пайызы ішкі нарықты қамтып отыр. «Kazgenerators» брендін көрші елдер нарығынан да табуға болады. Қазіргі таңда Қырғызстан мен Өзбекстан еліне сатылуда. Ресей, Тәжікстанмен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта аты аталған мемлекеттерде офис немесе тапсырыс берішулермен ыңғайлы байланыс орнату орындары ашылмақшы.
Электрлі құрал-жабдықтар, металл, поролон, шланг сияқты қосалқы бөлшектер де өндіріледі. Өндіріс қуатын арттыру үшін жапониялық тәсіл - кайдзен жүйесі енгізілген. Желілерге заманауи қондырғылар орнатылған.
Қазір мұнда 30 адам жұмыс істейді. Мамандар үнемі ізденіс үстінде. Біліктілігін арттырып отырады. Ол үшін шетелге оқуға және тәжірибе алмасуға жіберіліп тұрады.